Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ширек финалда Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-шы тұрған Мугурса қазақстандық спортлшыға қарсылық таныта алмады.

Небары екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.


Токио Олимпиадасының финалына өту үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.