Елена Рыбакина Жапониядағы турнирдің бірінші айналымында жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина Токои (Жапония) қаласында басталған WTA турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп жазады Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

Бірінші айналымда WTA рейтингінде 22 орында тұрған отандасымыз ресейлік Людмила Самсоновадан жеңілді.

Бұл ойын 1 сағат 27 минут болды. Оның қорытындысы бойынша Самсонова 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.


Енді екінші айналымда ресейлік теннисші қытайлық Синьюй Ванмен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Рыбакина Словенияның Порторож қаласында өткен турнирдің финалына шығып, чехиялық Катерина Синяковадан жеңілген болатын.