Елена Рыбакинаның WTA рейтингіндегі орны белгілі болды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстандық теннисшінің 3 583 ұпайы бар.

Әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек 4 335 ұпаймен көш басында тұр. Әлемнің 2-ракеткасы, белоруссиялық Арина Соболенко (3 278 ұпай) үшінші орында.

Өткен аптада Елена Мадрид WTA 1000 турнирінің жартылай финалына дейін жетіп, онда Соболенкоға жол берген еді.

Рыбакина әлемде әйелдер арасында эйс жасаудан көш бастап келеді. Жыл басынан бері 35 ресми матчта Елена эйс санын 229-ға жеткізді.