Елес қуған жігіт секіріп өлмек болды


Куәгерлердің шақыруымен оқиға орнына жеткенқұтқарушылар оны жарты сағаттай райынан қайтуға үгіттеп ақыры сатымен жерге түсіріп алды. Бірден сол жерде қолына кісен салды. Сөйтсе, суицидке ұмтылған жігіт ішімдіктен де сілтеп, есірткіге де елігіп алған екен. Айтуынша, соңынан әлдекімдер қуып, сол себепті сауда орталығының төбесіне шығып кеткен. Енді ел-жұртты дүрліктірген бұзақы заң алдында жауапқа беретін болады.