Елеусінов кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті

Бұл туралы BAQ.KZ. хабарлайды.

Елеусінов Бостондағы T Garden аренада бокстасты. Ол алты раундқа белгіленген кездесудің бірінші раундында Доэртиді нокаутқа түсірді. Осылайша қазақстандық кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп отыр.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшының промоутері оның келесі жекпе-жегі 24 қарашаға жоспарланғанын, алайда қарсыласы әзірге белгісіз екенін мәлім еткен болатын.