"Ақ бата" шарасы 6-тамызда республиканың Елордасынан басталған. ҚР Орталық сайлау комиссиясы блокты тіркегеннен кейін блокқа кірген партиялардың жетекшілері еліміздің қадірлі азаматтарының ақ батасына ие болған. АИСТ-тың басқа үміткерлеріне арналған баталы тұмарларды республиканың қалалары мен ауылдарына шабандоз жігіттер жеткізді,- деп хабарлайды блоктың баспасөз қызметінен.