"Ел бойынша орташа бәсекелестік - бір депутаттық мандат үшін 3 кандидаттан таласпақшы.",- деді комиссия төрағасы.
"Бір мандатқа неғұрлым көп баламалылық Астана қаласы бойынша орташа шамамен 5,2 және Алматы қаласы бойынша 4,5 үміткерден болды.
Бір депутаттық мандатқа аса жоғары бәсекелестік Алматы қаласының 14-округі бойынша болады. Ол жерде 12 кандидатура ұсынылды. Сондай-ақ Алматы қалалық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі 35 және 31-округтерде бәсекелестік қарқыны жоғары деңгейде тұр. Оларда 7 кандидатурадан ұсынылған.
Осындай жағдай Астанада да қалыптасты. Қалалық мәслихат депутатының мандатына 8 және 23-окургтерде 9 үміткерден, ал 9-округте - 8 үміткер ұсынылды",- деді Қ.Тұрғанқұлов.
Сондай-ақ, комиссия төрағасның хабарлауынша, 2007 жылғы 20 шілдедегі жағдай бойынша 5565 кандидат тіркелген. Олардың ішінен облыстық, Астана және Алматы қалалық депутаттығына 882 кандидат; аудандық мәслихаттар депутаттығына 3772 кандидат; қалалық мәслихаттар депутаттығына 911 кандидат тіркелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті