Олимпиадаға Батыс Қазақстан облысының барлық аудандары мен қалалық мектептерден 70 оқушы қатысуда. Осынау білім сайысының бір ерекшелігі сонда, оған қатысушылар тек бір пән бойынша ғана емес, мектеп қабырғасындағы барлық пәндерден біліктілік сынайды.
Мектеп оқушылары арасындағы мұндай көп векторлы білім сайысын өткізу туралы бастаманы білім жетілдіру институты мен "Дарын" орталығы көтерген.
"Дарын" облыстық қосалқы білім беру орталығының төрайымы Галя Орынғалиеваның айтуынша, интеллектуалдық олимпиаданың басты мақсаты - ғылымның әр саласына бейімі бар дарынды балаларды анықтау болмақ. Олимпиада 4 сатыдан тұрады.