Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Импортталған тұз көлемі де өскен, 2025 жылы елімізге 36,2 мың тонна тұз әкелінді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 13,1% артық.
Экспортқа келетін болсақ, есепті кезеңде Қазақстан 251 мың тонна тұз экспорттаған, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7% аз.
Қазақстандық тұзды импорттайтын негізгі елдерге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, сондай-ақ Қытай, Грузия, Латвия және Германия кіреді.
2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 200,8 мың тонна ас тұзы сатылды.
Республика бойынша тұздың орташа бағасы 1 келісіне 90 теңге. Ең төменгі орташа баға Қызылордада тіркелді – 65 теңге/кг, ал ең жоғары баға Алматы қаласында, мұнда 1 кг өнімнің орташа бағасы 112 теңге (2026 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша).