Атап айтсақ, қаржы 52 гектар алқапты иемденіп жатқан жаңа өндірістік кешеннің құрылысын салуға және қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға арналды. Елімізде темекі өндіру саласын жандандыруға компания 13 млн. доллар көлемінде инвестиция жұмсады. Ал 12,5 млн. доллар көлеміндегі қаржы мамандарды оқытуға бағытталды.
И.Чонгтың айтуынша, компанияда 1200 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 99 проценті өндірістік және әкімшілік бөлімдердің қызметкерлері болса, жоғарғы сатылы басқарушы қызметкерлердің 83 процентін Қазақстан азаматтары иемденеді. Сондай-ақ, қазақстандық 7 азамат "Филипп Моррис " компаниясының шетелдердегі бөлімшелерінде жұмыс істеп жүр.
Еліміз нарығында жұмыс істеген 10 жыл ішінде "Филипп Моррис " компаниясы республикалық бюджетке салық және басқа да төлемдер түрінде 32,5 млрд. теңге аударды.
Компания жылына 25 млрд. шылым өндіру қуатына ие. Ол өз өнімдерін Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Монғолияға экспорттайды. 2001-жылы ТМД елдеріне компания 1 млрд. дана шылым жөнелтті.