Қ.Бозымбаевтың айтуынша, 2004-жылдың 10 айында электр қуатын өндіру көлемі 53,72 млрд. кВт/сағ құрады. KEGOС президентінің нақтылауынша, 2003 жыл бойына 63,7 млрд. кВт/сағ электр қуаты өндірілген.
"Қазақстаннан Ресейге экспортталған электр қуатының көлемі 2004-жылдың 10 айында 2003-жылғы жалпы көлемнен асып түсті",- деді Қ.Бозымбаев. Оның мәліметіне сүйенсек, 2004-жылдың 10 айында Ресейге экспортталған электр қуатының көлемі 3,956 млрд. кВт/сағ болды, ал былтыр бүтіл жыл бойы 3,83 млрд. кВт/сағ электр қуаты экспортталған.
"Сөйтіп, Қазақстанның электр қуатын өндіру саласы экспортқа бағытталған салаға айнала отырып, сонымен бір уақытта ұлттық электр желісінің транзиттік әлеуетін арттыра түсуде",- деді Қ.Бозымбаев.