Елімізде 2006-жылдың 9 айында мемлекеттік коммуналдық қорға баспана салуға бөлінген қаржы небәрі 78 процентке ғана пайдаланылды - қаржы министрі

"Бұл бағдарлама бойынша 1,1 млрд. теңге игерілмей қалды. Оған себеп - құрылыс жұмыстарын атқару кестесінен кешігу",- деді Н.Коржова. Оның айтуына қарағанда, тұрғын үй құрылысына арналған несиелік ресурстардан есепті мерзімде 14,4 млрд. теңгесі игерілді. "4,8 млрд. теңге игерілмей қалды. Немесе жоспардың 75 проценті орындалды. Атап айтсақ, Алматыда - 1,5 млрд. теңге, Астанада - 1,1 млрд. теңге, ОҚО -да - 0,5 млрд. теңге, ШҚО -да - 0,4 млрд. теңге игерілмей қалды",- деді қаржы министрі.

"Қаржының игерілмей қалуына байқаулардың ұзаққа созылуы мен мердігерлер тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстарының кестесіне ілесе алмай қалу себеп болды",- деді Н.Коржова.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті