"2007 жылы әділет министрлігі облыс әкімдерімен бірлесе отырып облысқа бағынышты қалалар мен аудан орталықтарында 182 Халыққа қызмет көрсету орталығын ашу жоспарлануда", - деп мәлімдеді З. Балиева.
Оның айтуынша, барлық облысқа бағынышты қалалар мен аудан орталықтарында Халыққа қызмет көрсету орталығын ашуға арналған орындар қарастырылған, техникамен жабдықтау және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Жаңа жылға дейін жоспарланған 182 орталық ашылады деп ойлаймын", - деді З. Балиева.
Әділет министрлігінің мәліметінше, қазір елімізде 1136 қызметкер жұмыс істейтін 31 Халыққа қызмет көрсету орталығы бар, олар халыққа құжат беру және қабылдауға қатысты миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті