Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда кең ауқымдағы автожол стратегиясы әзірленіп жатыр, деп мәлімдеді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.
Қазіргі уақытта өткізу пункттерінде тасымалдаушыларға ыңғайлы болу үшін транзиттік жүктерді кедендік ресімдеуде "жасыл" дәліз енгізу жоспарланып отыр, бұл рәсімдерді айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Осы жұмыс аясында барлық өткізу пункттері жаңғыртудан өтіп жатыр.
Вице-министр бүгінде біз транзиттік тасымалдардың айтарлықтай өскенін және жыл сайын орта есеппен 30-35%-ға артып отырғанын айтты.
"Осы қарқынды үздіксіз жалғастыру мақсатында 2030, 2035 және 2040 жылдарға дейін кезең-кезеңімен есептелген кең ауқымдағы автожол стратегиясын әзірлеудеміз. Қазір бірінші кезекте дамыту қажет ең перспективалы көлік-транзиттік бағдарларды анықтау үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Біздің транзиттік мүмкіндіктерімізді жүзеге асыратын көлік қаңқасы қалыптастырылады", — деді Мақсат Қалиақпаров.
Жұмыстар халықаралық консультанттың қатысуымен жүргізіліп жатыр және толық бекітілген соң құжат көпшілік назарына ұсынылады.
Оның айтуынша, қолданыстағы автожолдар транзиттік тасымалдардың қажеттіліктерін толығымен жаба алады, алайда бұл жұмыстар келешекте қажет болып қалатыны ескеріліп жүргізіліп жатыр.