Елімізде 217 елдімекенде су тасу қаупі жоғары

Төтенше жағдайларды жою департаментінің дерегінше, күннің күрт жылынуына байланысты қар тез ери бастады. Қазірдің өзінде 10 өңірде қарғын судың жайылу фактісі тіркелген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Осы айдың соңына дейін кей өңірде жауын-шашын мол болады, деп жазады qazaqstan.tv.

Яғни, қауіп күшейе түседі. Дегенмен, төтенше жағдай мамандары тасқынның алдын алумен күресіп жатыр. Халықты құлақтандыру пысықталып, құтқару пунктері әзірленген.

Елдімекендерден 10 млн текше метрден астам қар шығарылған.