"13 наурыздан бері Қазақстанда коронавирус жұқтырудың 2 257 дерегі тіркелді. Оның ішінде COVID-19 жұқтырған 114 бала қазір ауруханада жатыр. Кавасаки синдромы - өте күрделі ауру, күретамырға зақым келеді. Жыл басынан бері Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавлда Кавасаки синдромының 3 дерегі тіркелді", - деді ол ОКҚ-нің онлайн-брифингінде.
Оның айтуынша, ауруға шалдыққан балалардың денсаулығы әртүрлі жағдайда.
"Нұр-Сұлтандағы баланың жағдайы тұрақты. Бұл - өте күрделі, өте сирек кездесетін ауру. Сондықтан оған ерекше күтім қажет" - дейді Бағдат Қожахметов