Caravan Logo

Елімізде 380 мың адам несиесін қайтармай жүр. Несие беру шектелуі мүмкін

Елімізде 380 мың адам несиесін қайтармай жүр. Несие беру шектелуі мүмкін

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұрғындардың құқығын қорғау үшін жаңа талап енгізілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 Агенттік кепілсіз кредиттің көбеюіне байланысты онлайн несие беруді 45 күнге 50 АЕК-ке, яғни 153 мың теңгеге дейін шектеуді жоспарлап отыр. Өйткені елде 50 АЕК дейін онлайн несие алып, қайтармай жүргендер 380 мыңға жеткен.