Елімізде 40 градус ыстық болады

Қазгидрометтің болжамы бойынша, алдағы үш күнде ауа райы тұрақсыз болады. Ауа температурасы күндіз батыста +27+35°С, солтүстік-батыста +22+32°С, солтүстікте, республика орталығында +30+35°С дейін көтеріледі. Сонымен қатар шығыста + 25 + 33 ° C дейін, оңтүстік-шығыста + 32 + 37 ° C дейін, оңтүстікте негізгі фон + 32 + 40 ° C болады, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы.

Республиканың басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін. Тек 1-2 шілдеде солтүстікте, орталықта, 2-3 шілдеде шығыста ауа райы жауын-шашынсыз. 3 шілдеден бастап еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанды.


1-2 шілдеде батыста, 2-3 шілдеде солтүстік-батыста, 1 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.