Елімізде - 44 градусқа дейін аяз болады

Метеорологтардың айтуынша, Қазақстанның басым бөлігінде аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Бұл арктикалық антициклонның ықпалына байланысты. 12-13 желтоқсанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады. 12 желтоқсанда таулы аймақтарда қалың қар жауады. Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында жел күшейіп, таулы аймақтарда тұман түседі деп күтілуде. 12-13 желтоқсанда түнде ауа температурасы: солтүстік-батыста және орталықта 25-38, солтүстікте 30-38, республиканың қиыр солтүстігі мен солтүстік-батысында 40-44.  Республиканың шығысында 20-38, 14 желтоқсанда 32-38, кей жерлерде 40-42 дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 25-30 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Таулы аймақтарда 33-38 нөлден төмен.

"14 желтоқсаннан бастап арктикалық антициклон солтүстік-шығыс бағытта ығыса бастайды", - делінген хабарламада.