Елімізде 45 мың заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды

Полициядағылардың хабарлауынша, 48,1 мың шетел азаматынан өтініш қабылданып, 45 мың 44 адам заңдастырылды. Олардың арасында 3 мың Өзбекстан азаматы, 6 мың Қырғызстан азаматы, 2 мың Ресей азаматы, 1,5 мың Тәжікстан азаматы мен 2 мыңдай басқа елдердің азаматтары бар.

Заңсыз еңбек мигранттары ең көп заңдастырылған аймақтарға Алматы (6.961), Алматы облысы (5.974) мен Оңтүстік Қазақстан (4.759) обласы жатады.

Заңдастырылған еңбек мигранттарының басым бөлігі құрылыс нысандарында (24.682), қызмет көрсету (3.946) және ауылшаруашылығы (3.033) салаларында істейді. Үй қызметшісі болып істейтін 1977 адам заңдастырылды.

Заңдастырылған адамдардың 52,8 проценті 30 жасқа дейінгі, 39 проценті 30-45 жас аралығындағы, 9,1 проценті 45 жастан асқан адамдар.

Бір реттік шараның нәтижесі бойынша бюджетке тек тамыз айында 75 млн. теңгеге дейін түсім түседі деп межеленген, деп хабарлайды ІІМ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті