Елімізде 4-тамыз күнгі жағдаймен 1 млн. 14 мың тонна астық жиналды - ауылшаруашылығы министрлігі

Бір гектардан орташа шығымдылық 16,3 центнерді құрады, ал өткен жылғы тамыз айында бұл көрсеткіш 17,6 центнер болған. Қазіргі жағдаймен жалпы егістік алқаптарының 21,1 проценті, немесе, 638,8 мың гектар аумақтан түсім жиналды. 2003-жылғы осы мерзімде 457,9 мың гектар немесе жалпы аумақтың 16,1 проценті орылған болатын.

Ауылшаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі жағдаймен 622,4 мың гектардан астық бастырылды (жалпы аумақтың 20,5 проценті). Ал 2003-жылдың тамыз айында 457,0 мың гектардан астық бастырылған.
2004-жылы еліміз бойынша 3 млн. 34 мың гектарға дәнді дақылдар себілді.