Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала жүргізілген есептеулер бойынша, жаңбырдың көлемі үш есеге артады. Алайда "тапсырыспен алынатын жаңбыр" арзан тұрмайды.
Пилоттық жобаның құны 5 миллион еуроға бағаланып отыр.
Жобаны жүзеге асыруға жекелеген инвесторлар қаражат бөлуде.
"Технология атмосфералық ауаны иондауға негізделген. Ол атмосферада кішігірім тоқтар жасауға мүмкіндік береді. Ал ол ауа массаларын жылжытады. Бұл аймақта ылғалды ауа массаларын жылжыту қажет. Облысқа жаңбыр жетіспейді. Жанымызда теңіз болса да, жануарлар өліп жатыр, су жоқ. Мақсатымыз – жануарларға шөп әзірлеу", – деді климатолог Владимир Балагуров.