Елімізде 5 мыңнан астам студент ЖОО-да білімін жалғастыруға мүмкіндік алды


Олар былтыр Ұлттық бірыңғай тестіден сүрініп, тамыз айында қайта тапсыруға іліккендер. Екінші рет тест тапсырғандардың 12 мыңы сынақтан сәтті өтіп, тағы 8 мыңы шартты түрде оқуға қабылданған еді. Олар таяуда қайтадан кешенді тест тапсырып, 5 мыңы оқуын жалғастыратын болды. Сондай-ақ, шет елдерде оқып, қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысуға ықылас білдірген 12 жарым мыңнан астам студент кешенді тестілеуді сәтті тапсырған. Сынақ 19-24 қаңтар аралығында өтті.