Елімізде 7 миллионан аса адам толықтай вакцинацияланды - Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинацияның толық курсынан өткен азаматтардың саны жеті миллионнан асты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Денсаулық сақтау министрлігінің сайтына сілтеме жасай отырып.

Ведомствоның мәліметінше, 14 қазандағы жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 7 947 201 адам, екінші компонентімен 7 022 361 адам егілді.