Елімізде 72 мыңнан астам әке декреттік демалыста жүр

Бұл туралы Caravan.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова былай деді:

-Әрине, ер адамның декретке кетуіне заң бойынша тыйым жоқ. Бала туған соң, әйеліне көмектесу үшін демалысқа шыға берсе болады. Бірақ, ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы ерлі-зайыптылардың біреуіне ғана түседі.

Декретте жүрген ерлердің бірі – Павлодар облысы прокурорының орынбасары Қуат Артықбаев. 49 жастағы полковник жарты жыл бұрын баласын бағу үшін үш жылға демалысқа шыққан еді. Әкелердің бұлайша бала күтіміне араласуы бекер емес. Елімізде туу көрсеткіші күрт өскен.

Мәселен, соңғы бір жыл ішінде 400 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Бірақ, демография көрсеткішімен бірге, ажырасатын ерлі-зайыптылардың саны да артып жатыр. Былтыр 55 мыңға жуық жұп дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен. Ерлердің декретке шығуына кей жағдайда ана өлімі де себеп.


Оқи отырыңыз:

Димаштың шетелдік фанаттары Қазақстан қалаларын аралайды 

Караокесінде шетелдік әндер қосқан астаналық кәсіпкерге 6 млн айыппұл салынды