Шілдеде өткізген үлкен отырыста өткен жылдардағыдай күн салқындай бастағанда дүрлігуге жол бермеу үшін коммуналдық-тұрмыстық көмірді жергілікті атқарушы органдар тамыз-қыркүйекте дайындай беру қажет деген болатынбыз. Бұл дегеніміз ауруханалар мен мектептерді, мекемелерді жылыту деген сөз, - дейді комитет төрағасы.
Елімізде 4 көмір өндіруші компания коммуналдық-тұрмыстық және халық үшін көмір жеткізудің жалпы көлемінің 89%-ын құрайды: "Шұбаркөл көмір" АҚ – 28%, "Қаражыра" АҚ – 25%, "Майкубен-Вест" – 25%, "Богатырь көмір ЖШС" – 11%.
Ол Ақтөбе облысында көмір жеткізілмей жатыр деген ақпараттан соң "Шұбаркөл" компаниясымен және көмір жеткізетін трейдермен хабарласқанда 25-30 қазанда 14 вагон немес 950 тонна көмір жөнелтілгенін айтты.