Caravan Logo

Елімізде 90 мыңнан астам ескі көлік утилизацияға жіберілді

Елімізде 90 мыңнан астам ескі көлік утилизацияға жіберілді

 Аталған компанияның мәліметіне сәйкес, 2018 жылдың желтоқсан айының басында ел тұрғындары 80 мыңнан астам ескі көлікті утилизацияға өткізген. 

 Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан автобизнес қауымдастығы ел аумағында сатылған әрбір екінші көлік Қазақстанда құрастырылғанын хабарлаған.

 Ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы 2016 жылы іске қосылған.


 Бағдарлама аясында қазақстандықтар ескі көліктерін «Оператор РОП» компаниясына өткізіп, 48 мың теңгеден 150 мың теңге көлемінде ақша ала алады немесе оның орнына жаңа көлік алуға мүмкіндігі бар.