М.Әуезовтың айтуынша, журналдың басты мақсаты - "қазіргі таңда Қазақстанда болып жатқан көркемдік және мәдени процестерді сыни көзқарас тұрғысынан бағамдау және оларды дамытуға ынталандыру" болып табылады.
Басылым құрылтайшыларының пікірінше, "Айт" журналының негізгі оқырмандары - журналистер қауымы болмақ. Журналда жарық көрген материалдар журналистерге еліміздегі мәдени және әлеуметтік салалардағы оқиғаларға қатысты дербес әрі тәуелсіз көзқарас қалыптастыруға жәрдемдесуі тиіс.
Журналдың шеф-редакторы Әсия Мұхамбетованың айтуынша, "Айт" журналы сонымен бірге "ғылым мен БАҚ-тар арасын жалғастырушы" алтын көпірге айналып, журналистер үшін гуманитарлық салада жұмыс істейтін ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері төңірегінде толыққанды ақпараттық кеңістік құруға қолғабыс бола алады.
"Айт" журналының алғашқы саны 2005-жылдың маусым айында жарық көреді. Ал қыркүйек айынан бастап журнал ай сайын шығып отырады.