Елімізде алдағы аптаның аяғына дейін Жерге қашықтан зон жүргізетін жер серігін жасауға тендер жарияланады – “Қазғарыш” басшысы

“Үкімет тендер жариялауға тапсырма берді”,- деді ол. Оның айтуынша, тендерге бірнеше әлемдік компаниялар қатысады. “Еліміздің аумағына мониторинг жүргізу – еліміздің ұлттық байлығын тікелей бақылау мен есепке алу бойынша бір концепциялық міндеттердің бірі”,- деді С.Тұржанов.

“Жерге қашықтан зон жүргізетін жер серігінің техника-экономикалық негіздемесін біз жасадық. Ол қазір министрліктер мен мекемелерде қаралып жатыр. Бүгінде біз министрліктер мен мекемелерде пайда болған сауалдарға қатысты жұмыс істеп жатырмыз”,- деді С.Тұржанов.