Елімізде алдағы күндері аяз күшейе түсейін деп тұр

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады.

"Алдағы демалыс күндері республикада аяз арктикалық ауаның жаңа үлестерінің келуімен күшейетін болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі температура 30-35 градус, кей жерлерде 40 градус аяз болса, батыста 20-28 градус аяз күтілуде", - деп хабарлады мамандар.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да суық, қар жауу, кей жерлерде өте күшті шығыстық жел, боран күтілуде. Ауа температурасы алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында климаттық мәннен 13-20 градусқа төмен болады.