Caravan Logo

Елімізде алдағы күндері қатты жел соғып, жаңбыр жауады

Елімізде алдағы күндері қатты жел соғып, жаңбыр жауады


Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Павлодар, Ақмола облыстарында түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді, Павлодар облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды, Ақтөбе облыстарының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с күшейеді, Қарағанды облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.