Елімізде ақпарат министрлігі таратылып орнына жаңа Агенттік құрылды


Енді ол жәй ғана Мәдениет министрлігі болып қалды. Оның орнына Байланыс және ақпарат агенттігі құрылды. Және ол Үкіметке бағынбайтын дербес орган болмақ. Агенттікке Көлік және коммуникация министрлігінен байланыс, ақпараттандыру және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметі, Мәдениет және ақпарат министрлігінен ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы өкілеттіктер беріледі.Сондай-ақ, бүгін президенттің жарлығымен Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев қызметінен алынды. Соңғы жылдары ұялы байланыс сапасы мен тас-талқаны шыққан жолдарға қатысты жиі сынға ұшыраған Жұмағалиев енді жаңадан құрылған  Байланыс және ақпарат  агенттігіне  жетекшілік етпек. Ал Көлік және коммуникация министрі болып  38 жастағы Жеңіс Қасымбек тағайындалды.  Көпке белгісіздеу шенеунік осы министрлікте жауапты хатшы болған.