Елімізде арақ-шарап сату уақыты айтарлықтай шектелді


Ащы суға қарсы бұлай қатаң шара қолдануымыздың себебі де бар. Өйткені қазір Қазақстан Орта Азия бойынша арақ ішуден көш бастап тұр. Еліміздегі әр адам жылына орташа есеппен 5 жарым литр таза этил спиртін сіміріп салады екен. Енді жаңа заң бойныша 21 жасқа толмағандарға алкоголь өнімін сатқан кәсіпкер әкімшілік жауапқа тартылып, ірі көлемде айыппұл төлейді. Сондай-ақ, бұдан-былай балабақша, мектеп, денсаулық сақтау мекемелері мен стадион және жанармай құю бекеттерінің аумағында шарап мүлдем сатылмауы тиіс. Бұл тыйымның бәрі құрамындағы спирті 30 градустан жоғары ішімдіктерге ғана қатысты. Сондай-ақ уақытпен арақ-шарап сатудың дәмхана, мейрамханаларға емес, тек дүкендерге қатысты екенін айта кетейік.