Нақтылап айтқанда, 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, спирттің литрі 1600 теңгені құрайтын болады. Бірақ Ресейде бұл баға біздің ақшамен 200 теңгеге арзанға түсейін деп тұр. Сондықтан мамандар елімізде арақ-шарап қымбаттағаннан кейін көрші мемлекеттен алкоголь өнімдерінің ағылып келуінен қауіптенеді. Оның үстіне Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі де қауіпті ұлғайтуы мүмкін. Өйткені бұл елде литр спирттің бағасы біздегіден 2 есе төмен.
Әміржан Қалиев, «ҚазАлко»
қауымдастығының президенті:
-Біздің алкоголь өнімдерінде акциздің мөлшері алкоголь өнімі бағасының 40-45 пайызын құрайды. Сондықтан, қандай да болсын акциздік салықты көтеру оның сату бағасына әсерін тигізеді.
Loading...