Елімізде арнаулы шара аясында заңсыз сақталған 755 атыс қаруы тәркіленді

81 ойық ұңғылы, оның ішінде 1 автомат, сонымен қатар тәркіленген 46 винтовка және карабин қаруларының 9-ы шолақ ұңғылы, 2 тапанша, өзгертілген 10 газды және 22 қолдан жасалған атыс қарулары. Ал қалған 633-і тегіс ұңғылы мылтықтар.

Арнаулы шара барысында 325 килограмм жарылғыш заттар, 176 жарылғыш қондырғы мен 4937 дана оқ-дәрі тәркіленді.

Тәртіп сақшылары тек жай үйлерді ғана емес, кәсіпорындарды да тексерді. Атап өтсек, Ақмола облысында "Аркада Индастри" ЖШС аумағынан "125 "аммонит" патрондары, 95 электродетонатор, 8 капсюль, 5 отты капсюль, 270 килограмм сары түсті жарылғыш зат тәркіленді.

Аталмыш шара кезінде азаматтар өз еркімен 1 мың 700 қаруды тапсырған. Олардың ішінде 172-сі ойық және 1 мың 314-і тегіс ұңғылы мылтықтар.

Сонымен қатар азаматтардың өз еріктерімен тапсырғандарының ішінде 5 мың 180 оқ-дәрі, 6 килограмм аса жарылғыш заттар және де 149 жарғыш құралғылардың ішінде 10 граната бар.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті