II ғылыми-практикалық конференцияға Германиядан, Ресейден және Франциядан 4 дәрігер келді. Олар жүрек, бүйрек, бауыр, өңешке лапароскопиялық операция жасайды. Яғни ем-дом пышақсыз жүргізіледі. Тың тәсіл арқылы денеде тыртық та қалмайды. Бүгіннің өзінде 13 науқасқа операция жасау жоспарланған. Шара барысында астаналық дәрігерлер операциялық бөлмемен конференц-залдан бейнебайланыс арқылы тілдесті. Мамандар өзара осылайша тәжірибе алмасты. Айта кетейік, емдеудің бұл түрі Еуропа елдерінде соңғы жылдары сәтті жүзеге асырылып келеді. Пышақсыз операция алғаш рет 1987 жылы Леонда жасалған. Марк Кджиа, профессор: - Қазақстанда лапароскопиялық операция жасау бастапқы кезеңде. Өйткені бұл елде жас мамандар өте көп. Оларға шетелдік дәрігерлермен тәжірибе алмасып тұру қажет. Болашақта бұл аурухана Қазақстандағы ең мықты лапароскопиялық операция жасайтын аурухана болуы тиіс. Аурухананың техникалық мүмкіндіктері мол. Серік Тоқпанов, ҚР ПІБ медициналық орталығының бас хирургі: - Кеше біз қолқаға екі операция жасадық. Іш қолқасына. Біреуіне стент қойдық. Екінші науқасқа лапароскопиялық тәсілмен операцияны жасадық. Бүгін жүгіріп жүр науқастарымыз, - деп хабарлайды
http://24.kz/kz сайты.