Елімізде азаматтық істер сотта қаралмауы мүмкін

Яғни, жаңа кодекс бойынша медиатор сотқа арыз берген, тартысып жүрген тараптарды алдын ала кездестіріп, бітімгерлікке шақырады. Сөйтіп, азаматтық істерді мүмкіндігінше сотқа жеткізбеуді қарастырып жатыр.  Алдын ала тәжірибе де жүргізілген. 1 жылдың ішінде 4 мың іс бойынша медиация өткізіліп, өзара дауласқан 8 мың адам ортақ келісімге келіпті. Бұл әдіспен уақыт үнемдеуге, шығындарды қысқартып, араздасып жүргендердің  санын азайтуға болады екен. Судьялардың да жұмысы жеңілдейді. Өйткені бір судьяға күніне 10 азаматтық істен келеді. Сондай-ақ, жаңа кодексте адвокаттардың рөлі күшейеді делінген. Қорғаушы процес кезінде мемлекеттік органдардар мен қоғамдық бірлестіктерден анықтама немесе қажетті құжат талап ете алады.


Нұрлан Әбдіров, Мәжіліс депутаты:

-Нақты ұсынысы бар азаматтарды пікірталасқа шақырамын. Жұмыс тобының отырысын алдағы уақытта өткіземіз. Бұл кодекстің әр отбасыға әсері бар.

Loading...