Елімізде азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай бағасына қатысты ахуал толық тұрақтанды - премьер

"Әкімдердің үйлесімді жұмысы өз нәтижесін беріп, жағдай толық тұрақтанды", -деді Кәрім Мәсімов.

"Мен сіздерге сол үшін ризашылығымды білдіремін, бірақ сонымен бірге, бұл жұмысты одан әрі жалғастырып, тұрақты үйлестіріп отыру қажет, тоқмейілсуге болмайды" - деді ол облыс әкімдеріне.

Үкімет басшысы "азық-түлік өнімдері мен жанар-жағармай бағасына қатысты ахуал апта сайын менің бақылауымда болады", деді.

"Сыртқы нарықтағы стандарттан тыс қауіп-қатерлер үкіметтен де осындай қадамды талап етеді, сол себепті біз кеден-тариф саясатына өзгерістер енгіземіз: тауардың бір түріне экспорттық баж салығы енгізілсе, келесісіне экспорттық баж салықтары азайтылады", - деді премьер.

"Тұтастай алғанда, 24 желтоқсанда өтетін селекторлық жиында осы өзгерістер жария етіледі", - деді ол.