Елімізде балалар арасында өткізілген сұлулық сайысына қатысты іске прокуратура мен полиция араласты


Ұлмаш Жұбанышкереева, Қостанай қалалық жастар шығармашылығы продюсерлік орталығы директоры:

- Мен оған бірден бірлесіп жұмыс істемейтінімізді айттым. Тіпті мына масқара жағдайдан кейін конкурсты жауып тастауымыз да ғажап емес.

Естеріңізге салсақ, өткен аптада балалар арасында өткізіліп келген «Менің қаламның келбеті» байқауының жүргізушісі әрі режиссері Дмитрий Еретенконың балалар порнографиясымен айналысқаны үшін 5 жылға абақтыда отырып шыққаны белгілі болған еді. Тіпті «Петраковский» деген фамилиямен әйгілі азғынның Нижний Новгород қаласында «Элита-Мода» атты модельдік агенттігін бар екен. Бірақ одағылар балғындарды жалаңаш суретке түсіріп, оны сатумен айналысып келіпті. Тіпті қалталыларға ұнағанын жыныстық қатынасқа түсуріп береге де келіссөздер жүргізіп келген-ді. Бірақ жазасын өтеп шыққан соң, Еретенко туған қаласы Оралға келіп, қайта модельдік бизнесіпен айналыса бастаған. Айтуынша, жаман әдетінен айыққан. Бірақ аты шулы шоумен тілшілермен ашық тілдесуден бас тартты.