Елімізде Балхаштағы экологиялық тауқыметтерді шешуге арналған халықаралық жиын өтеді

Конференцияда Балхаштағы экологиялық проблемаларды шешу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру нәтижелері қаралады, деді А.Самақова.

Осы тақырыптағы тұңғыш бас қосуды ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Табиғат" экологиялық одағымен бірлесе отырып 2001-жылы ұйымдастырған. Сол бас қосудың қорытындысы бойынша республика үкіметі Балхаштағы экологиялық ахуалды жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны қабылдады.