Елімізде Бас прокурор ауысты

Конституция бойынша,  Бас прокурор 5 жылға тағайындалады.  Ал Елбасы Дауылбаевтың мерзімін ұзартпаған  жөн деп шешіпті. Сондықтан Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен еліміздің Бас прокуроры етіп Жақып Асановты тағайындады.  53 жастағы Жақып Асанов прокуратурға бөтен адам емес. Ол осыған дейін Дауылбаевтың орынбасары болып істеген. Енді су жаңа бас прокурор Қазақстан заңдарының аяқ-асты етілмеуін, адамдардың құқығының бұзылмауын бұлжытпай қадағалауы тиіс.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:


-Ешқандай жеке басының кемшілігі болған жоқ. Тапсырманы орындап президенттің үлкен құқық қорғау жүйесіндегі көмекшісі бола білді. Көп мәселе шешілді.Сондықтан мен ризашылығымды білдіремін.Әлі қартайып отырған жоқ. Басқа жұмыста отырып кейін үлкен қызметтерге пайдалануға болады. Сондықтан рахметімді айтамын.