Елімізде баспанаға сұраныс күрт артты

Елімізде баспанаға сұраныс күрт артты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Әсіресе Алматы, Астана және Қарағанды облысында үй іздеп жүргендер көп.

Бір ғана айдың ішінде 40 мың баспана сатылған. Оның 9 126 - жеке, 30 973-і - көпқабатты үй. 

"Батыс Қазақстан облысын қоспағанда 2024 жылдың шілдесінде еліміздің барлық өңірлерінде транзакциялардың өсуі тіркелді. 2024 жылғы маусыммен салыстырғанда көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй операцияларының саны 24,5 пайызға артты", - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық статистика бюросы.