Елімізде бензин бағасы тағы арзандауы мүмкін

Министрлік бағаны жүргізушілерге жаны ашығаннан түсіріп отырған жоқ. Себебі әлемде «қара алтынның» құны күн сайын құлдырап жатыр. Яғни, мұнай бағасы түскен сайын, бензин де арзандай бермек. Осының айқын дәлелі ретінде соңғы 3 айда елімізде ең көп сұранысқа ие АИ-92 үш рет арзандады. Қазір жанармайдың шектік бағасы 99 теңге. Оның үстіне қоймалар Ресейден әкелінген АИ-92-ге толып тұр екен. Бұған отандық зауытта өңделіп жатқан бензинді қосыңыз. Бұл ішкі нарық мұнай өнімдеріне лық толы деген сөз. Дегенмен, Энергетика министрлігі кезекті арзандаудың мерзімін нақтыламай отыр.

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика вице-министрі:

-Бензин бағасы Үкіметтің тағайындаған ережесі бойынша есептеледі. Сол ереже бойынша  3 рет төмендеді. Енді мұнай бағасы әлде де төмендесе, бензиннің де бағасы төмендей береді. 

Loading...