Үкімет басшысына ӘКК-ды дамыту моделі, сондай-ақ корпорацияның жұмыс істеуі үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаға қатысты ақпараттар ұсынылды. Қазір коммуналдық меншік, жер және жер қойнауларын пайдалану объектілерін ӘКК-ға беруді ұйымдастыру сипатындағы мәселелерді реттейтін үкіметтің бес қаулысының жобасы әзірленген.
Негізгі міндеттер, корпоративтік басқару принциптері, сондай-ақ ӘКК құрудың белгілі бір принципі, инвестициялық жобаларды және корпорация атқаратын өзге де мәселелерді жүзеге асыру үшін активтерді беру тетіктері, мемлекеттік активтермен ӘКК капиталмен қамтамасыз ету нобайлары пысықталды.
Ақпаратты тыңдаған үкімет басшысы жалпы алғанда ұсынылған модель мен нормативтік-құқықтық базаны мақұлдады.
Үкімет басшысы әрбір корпорацияның қызметін талдау жұмысын жалғастыруды, сондай-ақ ӘКК жұмысын келешекте үйлестіріп отыратын мемлекеттік органды анықтау туралы мәселені мұқият ойластыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті