Елімізде бір мандатты округтер бойынша мәжіліс депутаттығынан үміткерлерді тіркеу аяқталып, сайлау алдындағы науқан басталды

Мәжіліс сайлауына сондай-ақ, сегіз партия мен екі блок қатысады. Саяси бірлестіктердің партиялық тізімін тіркеу кеше аяқталды.

Бүгіннен бастап елімізде сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды. Бір мандатты округтер бойынша сайлау додасына түсуші үміткерлер теледидар немесе радио арқылы сөз сөйлеу, сайлау алдындағы материалдарын басылым беттерінде жариялау құқығына ие болады. Саяси партиялардың өкілдері 20-21 және 27-28-тамызда ұлттық телеарналардың эфирінде теледебаттар өткізеді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары сайлаудан дәл бір күн бұрын, 18-қыркүйек күні түн ортасында аяқталады.