Елімізде бір мандатты округтер бойынша парламент мәжілісінің депутаттығынан кандидат ретінде 700-дей адам тіркелді

Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне жүгінсек, еліміз бойынша бір мандатты округтерде 681 адамның аты ұсынылды. Олардың арасынан 412 адам өз бетімен ат ұсынғандар. , "Отан" партиясынан 64 кандидаттың, "Асар" партиясынан - 42, "Ақ жол" партиясынан- 40, "АИСТ" блогынан - 27, "ҚКП мен Демократиялық таңдау партиясы" блогынан - 38, Демократиялық партиядан - 17, Патриоттар партиясынан - 10, "Ауыл" партиясынан- 8, Халықтық Коммунистік партиядан - 7 , "Руханият" партиясынан - 5 адамның аты ұсынылды.

9-тамыз күнгі жағдаймен 308 адам тіркелді, 11 адам өз кандидатурасын кері қайтарып алды. Кандидаттарды тіркеу 18-тамызға дейін жалғасады.
Бүгінгі жағдаймен Орталық сайлау комиссиясы "Отан", "Асар" , "Ақ жол" , "АИСТ" блогы, "ҚКП мен Демократиялық таңдау партиясы" блогы, "Ауыл" партиясы, Халықтық Коммунистік партиясы мен "Руханияттың" партиялық тізімдерін тіркеді. Демократиялық партия мен Патриоттар партиясының тізімі енді тіркеледі.