Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматыда 22 қаңтарда 8 сағат 53 минутта жай үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 4 адам, соның ішінде екі бала көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.
Сонымен бірге, 22 қаңтарда Алматы облысының Ақтөбе ауылында 14 сағат 45 минутта жай үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 7 адам көмірқышқыл газынан уланып, оқиға орнында жан тапсырды. ТЖМ ақпаратына сәйкес қаза тапқандардың бәрі де Өзбекстан азаматтары.
Сонымен қатар, 22 қаңтарда Қостанай облысының Федоровка ауылында 14 сағат 30 минутта көмір жағатын пештің ақауы салдарынан екі адам көмірқышқыл газынан уланып қаза тапты.