Елімізде бір тәулікте түрлі жол апаттарынан 11 адам қаза тауып, 14 адам жараланды

Жол апаттарының басым бөлігі елдің оңтүстігінде болды. Жамбыл облысында Алматы-Ташкент тас жолының 148-шақырымында "Ауди" және "ГАЗ-53" автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан "Ауди" жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды. "Ауди" автокөлігінде отырған 15 жастағы жолаушы мен "ГАЗ-53" жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Тағы да осы автотрассаның 415-шақырымында "Мазда" және "Тойота" автокөліктері соқтығысты. Соның салдарынан екі жолаушы қаза тапты. "Мазданың" жүргізушісі, оның екі жолаушысы мен "Тойотаның" екі жолаушсы ауруханаға жатқызылды.