Жамбыл облысында Алматы-Тараз тас жолының 299-шақырымында "Ниссан" және "ВАЗ-2107" автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан екі жүргізуші мен "Ниссанда" отырған үш жолаушы оқиға орнында мерт болды. "Жигулидің" екі жолаушысы, соның ішінде 13 жастағы бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Сонымен қатар тағы да Жамбыл облысында, Тараз-Өрнек автожолының 32-ші шақырымында "ПАЗ-652" автобусы ағашқа соғысып қалды. Соның салдарынан 6 жолаушы ауруханаға жатқызылды.
Осындай жол апаты Алматының Түркісіб ауданында да болды. "Мазда" жүргізушісі ағашқа соқтығысып қалған. Соның салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Тағы бір ірі жол апаты Алматы маңындағы Өжет ауылында болды. "ВАЗ-2106" және "Ауди" автокөліктерінің соқтығысуы салдарынан төрт адам ауруханаға түсті.