Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.
2005 жылдың басына жалпы республика бойынша халық тығыздығы бір шаршы шақырымға 5,5 адамды құрады.
Халық санының өсуі туу мен көшіп келудің көбеюі есебінен болғаны сияқты, өлім-жітім мен көшіп кетушілердің азаюынан да болды.
Республика халқы саны өсімінің 97,3% табиғи өсім есебінен (119,6 мың адам) және 2,7% - көші-қон өсімі есебінен (3,4 мың адам) болды.
Осы кезең ішінде халық санының жалпы өсімі 9 облыста және Астана мен Алматы қалаларында байқалды. Халық санының ең жоғары өсімі Оңтүстік Қазақстан облысында (43,2 мың адам) және Алматы қаласында (33,9 мың адам), ал халық санының ең көп азаюы Шығыс Қазақстан (-13,4 мың адам) және Солтүстік Қазақстан (-8,7 мың адам) облысында болды.
2005 жылдың 1 қаңтарына қала тұрғындарының ең көп үлес салмағы Қарағанды (облыс халқының жалпы санының 83,8%), Маңғыстау (75,9%) және Павлодар (65,6%) облыстарында, ал ауыл тұрғындарының ең көп үлес салмағы - Алматы (70,2%), Солтүстік Қазақстан (63,4%) және Оңтүстік Қазақстан (61,7%) облыстарында байқалды.
2004 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда қалалық елді мекендердегі халық саны 116,4 мың адамға, ауылдық жерде - 6,6 мыңға өсті.
2004 жылы қала халқының өсуі, Солтүстік Қазақстан (мұндағы қала халқы 2,3%-ға азайды) және Шығыс Қазақстан (0,3%-ға азайды) облыстарын қоспағанда, барлық облыстарда байқалды. Қала тұрғындарының ең жоғары өсімі Астана және Алматы қалаларында- тиісінше 3,7%-ға және 2,9%, сондай-ақ Маңғыстау (3,3%), Алматы (2,0%), Атырау (1,8%), Оңтүстік Қазақстан (1,6%) және Ақтөбе (1,5%) облыстарында байқалды. Республиканың 8 өңірінде ауыл тұрғындары санының өсімі тіркелді, ең жоғары өсім Маңғыстау (3,8%-ға) және Оңтүстік Қазақстан (2,2%-ға) облыстарында байқалды. Ауылдықтар санының төмендеуі Қарағанды (3,0%-ға), Павлодар (2,3%-ға), Қостанай (2,2%-ға), Шығыс Қазақстан (1,8%-ға), Солтүстік Қазақстан (1,3%-ға) және Ақмола (1,2%-ға) облыстарында байқалды.
2005 жыл басында республикадағы ауыл халқының ең көп саны Оңтүстік Қазақстан (республикадағы ауыл халқының жалпы санының 20,4%), Алматы (17,1%), Шығыс Қазақстан (9,2%) және Жамбыл (8,4%) облыстарында тұрды.
Республикадағы халықтың этникалық құрамында ең көп санды құрайтындар 7 ұлт - қазақтар, орыстар, украиндар, өзбектер, немістер, татарлар, ұйғырлар болып табылады, олардың үлесіне елдегі халықтың жалпы санының 95% келеді.
2005-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен еліміздегі қазақтар саны 2004-жыл басымен салыстырғанда 174 мың адамға (2%-ке) артып, 8 млн. 725 мың адамға жетті.